Павлодар қалалық мәслихатын Қобланбек Қожин басқарады

4589

VIII сайланған Павлодар қалалық мәслихатының бірінші сессиясында төрағаны сайлау мәселесі қаралды. Бұл лауазымға бірауыздан Қобланбек Нұрмұханұлы Қожин сайланды, деп хабарлайды мәслихатқа сілтеме жасап.

Сондай-ақ, жиында VIII сайланған Павлодар қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру, олардың құрамы және комиссия төрағаларын сайлау мәселелері сөз болды.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияны А.А.Хабылкеков, экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комисияны С.О.Жүсіпова, әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияны Е.И.Яровенко басқарады.

photo
Ал жер қатынастары және қала құрылысы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып М.А.Желнов, ал азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия басшылығына Қ.Қ.Әметов сайланды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить