Румыния Парламенті Қазақстанмен қарым-қатынасты жандандырмақ

1181

Румыния Парламенті Сенатының Төрайымы Анка Драгумен Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемовты қабылдады. Тараптар екіжақты байланыстардың жай-күйі мен келешегін талқылап, парламентаралық байланыстардың даму деңгейінің жоғары екендігін атап өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

А. Драгу Елшіліктің бастамаларын толық қолдайтынын және оларды жүзеге асыруға, сондай-ақ екіжақты форматтағы, әсіресе сауда-экономикалық саладағы басқа да жобаларға қатысуға қызығушылық білдірді. Ол Қазақстан тарапына Румынияның ұлы ақыны Михай Эминескудің жақын арада Нұр-Сұлтанда ашылуы жоспарланған бюстін орнату туралы шешімі үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Сенат төрайымы бұл маңызды мәдени оқиғаны еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бухарестте «Қазақстан» скверінің ашылуымен бірге екі халық арасындағы достықтың жарқын көрінісі ретінде қарастыратынын айтты.

Тараптар сондай-ақ Румынияда қазақтың ұлы композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының және Қазақстанда ұлы румын композиторы Джордже Энескудің бюстін ашуға арналған іс-шараларды талқылады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube