Алматы қаласының келбеті мен көшелері қалай өзгереді

3D форматындағы бас жоспар, цифрлы қызметке көшу, дизайн-код жобалары қалай жүзеге асуда

Жібек Жолы
Жібек Жолы

Бұл туралы Forbes.kz тілшісіне сұхбат берген Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов айтып берді.  

Көшелердегі қайта құру

Басқарма басшысының  айтуынша Алматы қаласының Бас жоспарына  сәйкес, 2019 жылы Достық даңғылы, Жібек Жолы мен Байсейітова көшелерінің бойында жүргізілген  жаңарту жұмыстары аятқалатын болады. Бас жоспардың негізгі міндеттерінің бірі – адамдар үшін қолайлы, барынша ыңғайлы әрі белсенді аймақтарды құру болып табылады.

- Бас жоспардың жобасында адамдар үшін ыңғайлы кеңістікті ұйымдастырудың жалпы қағидаттары белгіленген. Оның ішінде оларды  үздіксіз бір жазықтықта орналастыруға мән беріледі:  алаңдарды жабу, жаяу жолдар мен көгалдарды қамту (жолдың жүріс бөлігіндегі жиектастарды қоспағанда – 15 см). Сонымен қатар, көгалдандырудың барлық  элементтерін реттеу мен қалпына келтіру: аумақтарды, учаске иелерінің қабырғаларын, жабайы өскен жасыл бұталарды, жабайы өсімдіктерді, әртүрлі үлгідегі мүсіндерді қоршау қарастырылады. Сәндік элементтерге, көшелер кеңістігін қамтитын екі тіректегі бағдаршамдар мен жарнамалық аркаларға көңіл бөлінеді.  Санитарлық мәселеге, ағаштарды кесу, жоғары сапалы әрі оның құнды  түрлерін сақтауға, ағаштардың төменгі жиегін кесу жоспарланады, - дейді спикер.

Алмасхан Ахмеджанов
Алмасхан Ахмеджанов

Алмасхан Ахмеджановтың айтуынша Достық даңғылының бойын үлкен өзгерістер күтіп тұр.   Жобаланған учаскенің жалпы ұзындығы 1314,0 м құрайды. Жалпы алғанда көгалдандырудың  алаңы 71600 м2 болады.  Бетоннан жасалған жаяужол тақтасы – 35550,0 м2 көлемінде. Гранит плиткалары – 11000 м2, көгалдандыру алаңы – 19710 м2, учаскеге 256 орындық, 256 қоқыс сауыт, 495 қабатты шам, 137 көше шамдарын орнату жоспарланып отыр.

- Достық даңғылындағы Жамбыл алаңында және Алматы Мемлекеттік Уинверситеті ғимаратының алдында 4 х 9 м мөлшерінде төртбұрышты пішінді 2 құрғақ бұрқақтар пайда болады. Құрғақ бұрқақтың беті алаңдардың төсеніші сияқты бірдей жазықтықтағы гранит тақталарымен жабылған. Сонымен бірге, Жамбыл алаңында қолданыстағы бұрқақты қайта қалпына келтіру жоспарлануда. Жақсарту жобасы бойынша Достық даңғылының Жамбыл және Шевченко көшелерінің  қиылысында әткеншектер мен төбешіктері бар балалардың екі ойын алаңын салу қарастырылған, - деді басқарма басшысы.

Спикердің айтуынша даниялық белгілі сәулетші Ян Гейлдің «Адамдарға арналған қала» тұжырымдамасын іске асыру аясында Алматыда үшінші жыл қатарынан тарихи орталықтың сәулеттік көрінісін жаңғырту және жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Достық даңғылын қайта жаңарту бойынша 2018 жылы басталған жұмыстар биылғы жылы Құрманғазы көшесінен бастап Қазыбек би көшесіне дейін әрі қарай жалғасатын болады.  Оның шекарасына жаяу жүргіншілер аймақтары, алаңдар, курданьерлер, жолақты тротуарлар, көше бағыттамасы, жолдарды реттеу элементтері кіреді.

- Ал бұл учаскенің  жобаланған ұзындығы 1314,0 м,  көгалдандырудың жалпы алаңы 71600м2,  бетоннан жасалған жаяужол тақтасы – 35550,0 м2   болады. Сонымен қатар,  гранит плиткалары – 11000 м2, көгалдандыру алаңы – 19710 м2 көлемінде болса, онда  256 орындық, 256 қоқыс сауыт, 495 қабатты шам және 137 көше шамдарын орнату жоспарланып отыр, - дейді Ахмеджанов.

Алматының Жібек Жолы көшесіндегі «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағының (Панфилов көшесі сияқты) жалғасы болып саналатын бульварда, екі жаяу жүргіншілер аймағын қалыптастыру жоспарланған. Қаланың орталық бөлігінің көшелерін қайта құруды ескере отырып, жобаланған көше учаскелерінің сәулеттік кеңістігі  бірыңғай үлгіде жоспарланады.

- Жібек Жолы көшесінің бойына жобаланған кіші сәулеттік нысандарға- қалалық жиһаздар, жабылған аумақтар, қоқыс жәшіктері, жаттығу жабдықтары, төбешіктер, әткеншектер, балалар мен спорттық-ойын алаңдарының жабдықтары жатады. Жаяужол жабындыларының төсеніштерін қайта қалпына келтіру, жаяу жүргіншілер аймағын жетілдіру, қоғамдық аумақтарды көгалдандыру және қараңғы түскен кезде оларды әсерлі етіп жарықтандыру жоспарланып отыр. Аэровокзал ғимаратының алдында субұрқақты техникалық жаңғырту жоспарлануда. Қайта құру жұмыстарын  аяқтау 2019 жылдың 4-тоқсанына жоспарланған, - деді басқарма басшысы.

Байсейітова көшесі
Байсейітова көшесі

Байсейітова көшесіндегі қайта құру жұмыстарының ауданы – 500 м болады. Жалпы, Байсейітова көшесі Қабанбай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейін қайта қалпына келтірілетін болады. Мұнда жаяу жүргіншілер үшін қолайлы болатын көпфункционалды аймақ құру жоспарланып отыр. Гүл бақтары жасалып, онда  ойын алаңдары ашылады. Қоқыс жәшіктері, орындықтар, шамдар орнатылады.

- Бұл учаскеде тек қалалық жедел жәрдем және апаттық құтқару қызметтерінің көліктеріне ғана жүруге рұқсат беріледі.  Байсейітова көшесін қайта жаңарту жұмыстары 2019 жылдың екінші тоқсанында басталды және жыл аяғына дейін тәмамдалады.

Алматылықтар тарапынан қайта құру және жаңғырту жұмыстары неліктен тек қаланың орталығында ғана жүзеге асып жатыр деген  көптеген сұрақтар келіп түсуде. Біз әуелі қаланың орталығын реттеп алуымыз керек, одан кейін қаланың шеткі аймақтарына қарай ауысамыз. Одан әрі  қаланың шетіне де жетеміз, – деді  Ахмеджанов.

3D форматындағы  бас жоспар

Алматы үстінен жүргізілген аэрофототүсірудің көмегімен қала толықтай сканерден өткізілді  және 3D форматындағы бас жоспар жасалды. Цифрлық карта мегалолисті дамыту жөніндегі көптеген жұмыстарды онлайн жүйеге ауыстыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бұл арқылы кез келген адам қаладағы кез-келген нысан туралы жан-жақты ақпарат ала алады. Картада 200-ден астам қабат бар және онда  құрылысқа қажетті барлық техникалық мәліметтер көрсетілген, мысалы: қызыл жолақ, инженерлік желілердің қуаттылығы, топырақтың жағдайы, тіпті  желдің бағытына дейін көрсетілген. Бас жоспарға белгілі бір аймақтағы құрылыстың нұсқалары енгізілген, бұл дизайн- код жобасы аясында әзірленді. Сонымен қатар, бас жоспарға әр ғимараттың электронды паспорты енді.

- Қазірдің өзінде онлайн-кадастрлық істер, пайдалануға беру актілері және басқа да құжаттарды осы жүйе бойынша тіркеуге болады. Болашақта барлық  дизайнерлер мен жобалаушылар осы бас жоспарды басшылыққа алады және сол арқылы жұмыс барысын бақылауға болады.

Сонымен қатар, алматылықтар жобалардың эскизін үйден шықпай-ақ алдын ала келісе алады. Онлайн жүйедегі қызметті almaty.uaig.kz сайты арқылы пайдалануға  болады. Бұл интернеттегі екінші қолжетімді мемлекеттік қызмет. Бұның бәрі  «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүргізілуде. Естеріңізге сала кетейік, қала құрылысы және қала құрылысы басқармасында барлық мемлекеттік қызметтер ақысыз көрсетіледі, - деді басшы.

Басқарма басшысының айтуынша қазіргі негізгі міндет  -цифрлық форматқа көшу. Бұл жұмысты ашық етеді және мемлекеттік қызметке жүгінудің күту уақытын қысқартады.  Қазірге кезде екі мемлекеттік қызмет онлайн жүйеде қолжетімді. Бұл сәулеттік-жоспарлау және жоба эскизін алдын-ала келісу.

Дизайн-код

Алматының архитектуралық келбеті кезең- кезеңімен бірыңғай стильге көшеді.  Мегаполистегі бұл жаңашылдықтар келешекте  өзге қалаларда жалғасын табады. Қалаға дизайн –код не үшін қажет? Оны жаяу жүргіншілерге арналған тұжырымдаға қалай сәйкестендіреді? Дизайн код - құрылысшылар мен ғимарат иелеріне арналған  ортақ ережелер мен ұсыныстардың жиынтығы болып табылады.

- Қазір Алматыдағы дизайн-код жобасы тест режимінде іске асуда. Негізі сәулет және қала құрылысын реттеуі жөніндегі дизайн-код әдісі  алғаш 2017 жылы Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасында әзірленді және артынша сайтқа  орналастырылды. Қазір пилоттық жобаның бірінші кезеңі аяқталды. Бұл бағыттағы жұмыс 2019 жылдың соңына дейін жалғасады. Бұ жұмыс осы уақытқа дейін қаланың орталық бөлігінде жүрді. Мегаполистегі өзгерістер кезең-кезеңмен жүзеге асады және болашақта шаһар толығымен қамтылады.  Жалпы, 40 беттен тұратын ережелер мен ұсыныстар жиынтығына ұзындығы 135 км болатын 175  көше енген, - дейді Ахмеджанов.

Қалада қарбалас,  шу көп, ғимараттардың келбеті тартымсыз болып кеткен.  Ал бұл жағымсыз көріністердің салдарынан қала тұрғындары өздерінің бос уақыттарын көше бойында емес, сауда орталықтарында өткізуге тырысады.  Басқарма басшысының пікірінше  қазір енгізіліп жатқан дизайн- код қаладағы серуендеу мәдениетін қайтару  тиіс. Яғни, бұл ережеге сай көшелер, ғимараттардың сырты әлем елдеріндегідей біртұтас, қауіпсіз, жайлы болып шыға келеді. Дәлірек айтсақ, бұл өзгерістер ғимараттың келбеті, тротуарлар, жарық жүйлері, навигация элементтері қандай болуы керектігін айқындап береді.

- 2019  жылы «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңға қалаларға бірыңғай сәулет стилін ұсыну енгізілген. Бұл Қазақстанның барлық қалалары Алматының даму жолымен жүреді деген сөз. Ал, ғимараттың иесі оны қайта құру барысында дизайнға бас қатырмайтын болады. Себебі, басқарма сайтында керекті көшені таңдауға  және ондағы жөндеуге арналған материалдар мен түстердің дайын нұсқаларын қарауға  мүмкіндік бар. Бұл көше құрылысына да қатысты.

Дизайн-код барлық типтегі  үйлерге әзірленген. Олар жаңа технологиялармен және сәулеттік шешімдермен толыға береді. Сонымен қатар, велосипед жолдары, ағаштар, көше жиһаздардын орналастыруға қатысты  стандарттар ескеріледі.  Алайда, бұл барлық үйлер бірдей болады дегенді білдірмейді. Мұндай шаралар әртүрлі архитектуралық үлгілерден құтылуға  мүмкіндік береді, - дейді Алмасхан Ахмеджанов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
11135 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
16 декабря родились
Кадыржан Дамитов
политический деятель РК, экономист, экс-глава Национального банка РК
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить