Қарасай ауданының әкімі тағайындалды

2848

ҚР президенті Әкімшілігінің келісімімен, Қарасай аудандық мәслихатының шешімімен Естенов Жасұлан Тоққожаұлы Қарасай ауданының әкімі болып тағайындалды. Тиісті өкімге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қол қойды.

Жасұлан Тоққожаұлы 1971 жылы туған, білімі жоғары. 1994 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын "Агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы экономика және басқару"мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы "Мадияр" ЖК бухгалтері болып бастаған.
Әр жылдары Жамбыл баспаханасында бухгалтер, салық инспекторы, Медеу, Алмалы аудандары бойынша Салық комитетінің бөлім басшысы, Алмалы аудандық қаржы бөлімінің бастығы, Әуезов ауданы, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алмалы ауданының әкімі, "Ер-Ай инвест"ЖШС директорының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан бастап Алматы облысы қаржы басқармасының басшысы қызметін атқарады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить