Назгүл Кенжетай: Мен үшін қанша ақша төленетіні маңызды емес

Қазақ қызы қалайша халықаралық әскери және саяси журналист атанды

Назгүл Кенжетай-23 жаста, Кызылорда каласынан, Түркиядағы Akdeniz University, Istanbul University оқу орындарында білім алды, әскери және саяси журналист. Журналистикалық зерттеу жұмыстары 2 мәрте TRT нұсқауымен “Project of the year” (жыл жобасы) болып жарияланды. Қазақстандық «100 жаңа есім» жобасының лауреаты.

F: Назгүл әлем елдерінде қазақстандық әскери тілші жұмыс істейтінін жуырда білдік. Жұмыс істегеніңізге қанша уақыт болды? Белгілі бір ақпарат агенттігінде ме, әлде жеке дара жұмыс істейсін бе?

⁃ Мен студенттік жылдарымнан бастап осы саланың ішінде жүрмін. Кейде небары 4 сағат қана ұйықтап, күндіз сабақ, түнде журналистикамен айналысатынмын. Студент болып жүріп әлем басылымдарына шыға бастадым. Содан кейін мені ешкім тоқтата алмады. Алғашында ақпараттық агенттіктермен жұмыс істедім. Олардың ішінде ТРТ, Bloomberg, Financial Times сияқты әлемге әйгілі агенттіктер бар. Бірақ, маған еркін әрекет ету керек болды. Себебі, бір идеологияның жетегінде кеткім келген жоқ. Бүкіләлемдік журналистер одағына мүше болып қабылданған соң, кәсібімді фрилансер ретінде жалғастыруды, кейін өз медиамды құруды жөн көрдім.

F: Бұл сала қалай таңдалды? Қайда білім алдыңыз және онда әскери тілші дайындайтын орын бар ма?

⁃ Университетте оқып жүрген кезде ондағы профессорлар бойымда ерекше дағдылар мен икемдер бар екендігін айтып, осы салаға бет бұруыма ықпал етті. Осыдан кейін бәрін мықтап қолға алып, саланы тереңдетіп оқи бастадым. Көптеген тәжірибелерден өттім. Осылайша әскери және саяси журналист атандым. Мамандығымды шын ниетіммен, өз қалауыммен барынша беріліп оқыдым. Бір сөзбен айтқанда бақыттымын.

F: Кез келген журналист әскери тілші бола бермейді. Бұл мамандыққа қойылатын талап қандай? Ерекшелігі неде?

 ⁃Алдымен псиxологияны, саясатты, орианталистиканы, дипломатияны, географиялық координаттарды, математиканы, діндерді діндердің псиxологиясын жақсы әрі кәсіби түрде меңгеруіңіз қажет. Содан кейін, әрине батылдықты талап етеді. Ерекшелігі көп. Кез келген нәрсені егжей- тегжейіне дейін бірінші біліп отырасыз. Белгілі графигіңіз болмайды. Қазір әлемдегі ең қымбат нәрсе ақпарат. Ад бұл әрдайым әскери журналисттің қолында.

F: Сіз босқындар тақырыбын зерттеу арқылы белгілі болдыңыз. Қай жерлерде болдыңыз, қандай лагерлер қамтылды, не көрдіңіз?

⁃ Алеппода, Хатай, Рейxанлы, Шанлыурфа деген жерлерде болдым. Легальды лагерлерде болды, легаьлды емес лагерлерде болды. Соғыстың не екенін көрдім. Тірі өлік дегеннің шын мағынасына көз жеткіздім. Кәмелет жасына толмаса да, аяғы ауыр болған қыз балаларын көрдім. Кезінде сауатты инженер болса да соғыстан кейін небары $2- ға жұмыс істеп, бір нанға бір күн құл болғандарды да көрдім.

F: БҰҰ мен ЮНИСЕФ-пен жұмыс істедіңіз. Бұл ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеу қалай мүмкін болды? Ұсыныс қай тараптан жасалды?

⁃ Кейбір лагерьлер осы ұйымдардың көмегімен құрылған. Ол алаңдарға кіру тек қана солар арқылы мүмкін болды. Ал ұсынысты менің атыма негізі Түркия парламенті жасаған болатын. Мен тақырыбымды академиялық және медиа тарапынан қорғап шықтым. Кейіннен ғана жоғарыдағы ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі туды. Ал Түрік делегациясына да БАҚ арқылы зерттеуім тиіс тақырыптың қаншалықты маңызды екенін айтып түсіндірдім.

F: Сіздің материалдарыңызды ВВС жариялаған екен. Онда не ұсындыңыз, не көрсетілді?

- Ол материал шекераны кесіп өткелі тұрған әжесі мен соғыстан құтқарылған кішкентай сәбидің суреті еді. Суреттің хикаясы көпшілікті шулатты. Бұл шудан кейін оны ВВС- де жариялауды жөн көрді. Олар менен материал күтетіндігін айтып, кейін олардың арнайы шақыртуымен war journalism тақырыбында brainstorming жасадық.

F: Түркияның экс-премьері Ахмет Давутоглымен тілдесіп отырған суретіңізді көрдік. Сұхбатта қандай мәселелер қозғалды, қайда жарияланды?

 ⁃ Қазір күні Түркияда ең көп қозғалған тақырыптардың бірі - Аxмет Давутоглу мырза. Бірақ,соған қарамастан, соңғы 6 айда ол кісі ешқандай журналистке сұxбат бермеген. Менің қозғап жүрген тақырыптарыма ол кісі оң бағасын беріп жүргеннен кейін, сөзімді жерге тастамай, бізге сұxбат беруге келісті. Сұxбатта Қазақстан және оның сыртқы дипломатиясын қозғадық. Сирия мәселесінде Астана процесінің маңызы туралы әңгімелестік. Ауғанстанның аймаққа әсері жайында сөз қозғадық. Иранға жасалып жатқан ультиматумдардың әсері болуы мүмкін бе деген сауалдарға жауап берілді. Сосын Ливанға БҰҰ атынан кеткен әскерлеріміз туралы жан-жақты анализ жасадық. Ал бұл материалдың толық нұсқасын жариялау үшін оны отандық ақпарат құралдарына жібердім. Жақында көре жатарсыздар.

F: Сонымен қатар, Түркияда болған марапаттау рәсімінің бірінен көріңдіңіз. Бұл қандай шара, қандай сый жасалды?

-Түркияның ТРТ атты ең үлкен ақпарат құралы бар. Олар жыл сайын «Жыл жобасы» атты шараны ұйымдастырады. Кез келген елден қатысушы қабылдайды, дегенмен қозғалған тақырып Түркияға да қатысты болуы тиіс. 2017-2018 жылдары екі рет «Жыл жобасы» номинациясымен марапатталдым. Бұл студент кезімде болатын. Осылайша материалды сыйлықтар беріліп, престиж, имидж қалыптасты, Түркиялық, Европалық әріптестерім мойындай бастады. Бұл мен үшін ең үлкен сыйлық болды.

F:  Алдағы жоспар қандай? Қазақстанмен шығармашылық бағытында қандай байланыс бар?

⁃ Алдағы жоспар, ешқандай мемлекетке тәуелсіз жаһандық медиа құру. Бұл максимум 2-3 жылдық жоспар. Әлемде көптеген өзгерістер орын алмақ. Ендігі жерде бәрі анық әрі айшық заман болады. Медианың нағыз күшейетін дәуірі келе жатыр. Медиа қолжетімсіз деген жерлерді барынша жақын етуге болатынын дәлелдейтін құрал бола алады. Мысалы, Дональд Трамптың өз твиттеры арқылы соғыс жариялап, соғыстың аяқталғанын жариялап жатқаны сияқты. Алдағы жоспарлар белгілі, Палестинаның 3 лидерімен, президенттерінен сұxбат алу және Палестинаның бүгінгі тұрмысын сипаттайтын арнайы жоба шығару. Оны 2019 жылдың бірінші жартысында бітіруді жоспарлап отырмын. Қазіргі кезде Украина президенті Петр Порошенко мырзадан да сұxбат алу қарастырылып жатыр. Тағы да Сирия тақырыбын зерттеу мәселесі бар. Әзірге осындай жоспарлар күтіп тұр.

F: Сіздің табыс қалай белгіленеді, әскери тілшіні кім қаржыландырады?

 ⁃ Қазіргі жұмысым мені әр мағынада қанағаттандырады. Еңбегімнің өтеуі бар. Мен негізі минимум 5 жылға жоспар жасап жүретін адамдардың қатарынанмын. Мысалы, бүгін істеп жатқандарымды 5 жыл бұрын әрбір детальдарына дейін жоспарлағанмын. Кім қаржыландырады деген сұраққа келетін болсақ, менің жобаларымды сатып алғысы келетіндер әрқашан табылады. Жекелеген сұраныстар да көп. Дегенмен мен өз пікірлеріммен, өзіндік жүйемді қорғап қалуға тырысудамын. Мен үшін қанша ақша төлегендері маңызды емес, мен үшін ең алдымен бұқараға не жеткізгім келеді, сол маңызды. Иә, бұрындары мен жұмыстарымды тек қана жарияласаңдар болды деп көп жүгірдім, ешқандай гонорарсыз жұмыс істедім. Күндіз-түні. Медиа құралдарынан 1-2 жұмысқа қабылдауға байланысты кері жауап келмегендіктен, біреудің қол астында жұмыс істеуден толығымен бас тарттым.

Ешкімге тәуелді болмаймын деп шештім. Ал қазір керісінше, олар маған тәуелді. Сол қатаң шешімнің арқасында бүгінгі таңда әлем аренасында әзірге кішкентай болса да өз орнымды тауып үлгердім. Ал нақты қанша қаражат тауып жатқанымды 10 жылдан кейін Forbes cover шығып жатқанда біле аласыздар.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
15646 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Ким, Ракишев, Тасмагамбетова - в большом интервью Forbes Kazakhstan Смотреть на Youtube