Алматы облысында игерілмеген жерлер мемлекетке қайтарылады

Алматы облысында 173,1 мың гектар жер игерілмей жатыр. Мақсатты пайдаланбаған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылмақ.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері жалпы көлемі 12,4 мың гектар болатын 43 жер учаскесі бойынша сотқа талап арыздар жолданды. Оның ішінде сот шешімімен 10,5 мың гектар жер, яғни 28 учаске үлгілік жалдау шарттары жарамсыз деп танылды. Ерікті негізде 9,5 мың гектар мемлекеттік меншікке қайтарылды.

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің тапсырмасы бойынша, жылдың аяғына дейін облыс көлемінде жер заңнамасын бұза отырып берілген және пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы алаңы 70,0 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жоспарланған», - деп атап өтті әкімдіктен.

Осы жылдың екі айында мемлекет меншігіне 20 мың гектар жер қайтарылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте