ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі 2023 жылы атқарған жұмысының қорытындысын шығарды.

Осылайша, өткен жылы азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлері бойынша 150 шағым қаралғаны белгілі болды. Бұл ретте азаптау фактілері бойынша 148 қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың алдын алу үшін тексеріс жүргізетін тәуелсіз орган – Ұлттық алдын алу тетігі жұмысының нәтижелері жарияланды.

Былтыр жабық мекемелерге 493 профилактикалық тексеру жүргізілді. Есептерді талдау нәтижелері бойынша 3 мыңнан астам ұсыныс жолданды, оның 33 пайызы орындалды, қалғаны орындалуда.

«Қазіргі таңда азаптаулардың және басқа да қатыгез, ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың алдын алу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен полиция үй-жайларында, сондай-ақ құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелерінде бейнебақылау жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілді, қатыгездік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Осы іспетті өзге де шаруалар қолға алынуда», - деді Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жетекшісі Салтанат Тұрсынбекова.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте