Қазақстан жаңалықтар
25 апреля 2023, 22:48
Әйелдер ерлерге қарағанда қанша жыл ұзақ өмір сүреді – ұлттық статистика
Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда 8 жылға көп. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.
2022 жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасты құрады. Көрсеткіш бір жылда 4,2 жасқа артты. 2020-2021 жылдары өмір сүру ұзақтығы көп жылғы өсімнен кейін алғаш рет төмендеген болатын, тиісінше – 71,3 және 70,2 жас.
Гендерлік тұрғыдан алғанда әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 78,4 жасты құрады, 2021 жыл 74 жас болған. Ал ерлер арасында бұл көрсеткіш 70,2 жасқа дейін өсті, бұған дейін соңғы 5 жылда 68,8 жас деңгейінен көтерілмеген еді.
Өңірлік бөліністе Алматы қаласында өмір сүру ұзақтығы ең жоғары – 77,3 жас, ең төмені Ұлытау облысында – 71,4 жас.
Вам может быть интересно: «Президент Гватемалы прибыл на Тайвань»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter