Ұлыбританияның Сыртқы істер және халықаралық даму жөніндегі мемлекеттік хатшысы Астанаға келеді

Сенбі, 18 наурыз күні Ұлыбританияның Сыртқы істер және халықаралық даму жөніндегі мемлекеттік хатшысы, Парламенттің құрметті мүшесі Джеймс Клеверли Қазақстанның астанасы, Астанаға келеді.

Қазақстанға алғашқы екіжақты сапары барысында Сыртқы істер министрі Жоғары Мәртебелі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, ҚР Премьер-Министрімен және басқа да министрлермен кездеседі. Ол соңғы 31 жылда Ұлыбритания мен Қазақстан арасында сауда мен инвестициялар, білім беру, қауіпсіздік және бітімгершілік, қаржы және құқық секілді көптеген салаларында құрылған стратегиялық серіктестігін нығайту жолдарын талқылайды.

Сыртқы істер министрі бизнес, азаматтық қоғам және жоғары оқу орындарының өкілдерімен, сондай-ақ «Болашақ» және «Чевенинг» бағдарламаларының түлектерімен кездеседі.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте