2023 жылы біз қандай стандарттарды күтеміз

2023 жылға арналған ұлттық стандарттау жоспары шеңберінде мынадай бағыттар бойынша 500-ге жуық стандарт әзірлеу көзделген: сот сараптамасы, жаңартылатын энергия көздері, машина жасау, ауыл шаруашылығы, құрылыс индустриясы, ақпараттық технологиялар және блокчейн технологиялары, әлеуметтік даму және басқа да бағыттар.

Әзірлеуге жоспарланған құжаттардың едәуір бөлігі әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған:

ТҮКШ саласын жақсарту (кондоминиум объектілерін басқаруға, күрделі жөндеу жүргізуге, тұрғын үй кешендерінде қоқыстарды жинауға, әкетуге және қайта өңдеуге қойылатын талаптарды белгілеу);

төтенше жағдайларда халықтың (оның ішінде балалардың) жеке қорғаныш құралдары;

туристік қызметметтер және т.б.

Техникалық комитеттерден, салалық қауымдастықтардан, өндірушілерден және басқа да нарық субъектілерінен ұлттық стандарттау жоспарына енгізу үшін барлығы 794 өтінім келіп түсті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте