Риддер қаласының тұтынушыларына жеткізілмеген жылу үшін қайта есептеу жүргізілді

Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасымен "Риддер ЖЭО" АҚ қызметінде тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы. 

Тексеру барысында халыққа жылу энергиясының тиісті деңгейде жеткізілмеу және оның сапасының нашарлау фактілері анықталды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы ШҚО Табиғи монополияларды реттеу департаментінің атына "Риддер ЖЭО"АҚ қайта есептеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау туралы қадағалау актісін енгізді.

Прокуратура ұсынысын қарау нәтижесінде Департамент ұйғарым шығарды, ол бойынша "Риддер ЖЭО" АҚ 63 млн.теңге сомасына қайта есептеу жолымен 21,7 мың тұтынушыға шығынды өтеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте