Қанатбек Жайсаңбаев президент көмекшісі, бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Қанатбек Жайсаңбаев президент көмекшісі – папрезидент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын», - делінген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.

Қ.Тоқаевтің тағы бір Жарлығымен Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметіне Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов тағайындалды.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте