Президент Теміртай Ізбастинді Болгария елшісі лауазымынан босатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Теміртай Рымтайұлы ІзбастинҚазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Еске салайық, Президент еліміздің Болгариядағы Елшісі қызметіне Виктор Валерийұлы Темірбаевті тағайындады.

Бүгін сондай-ақ, Қазақстанның Грузиядағы Елшісі болып Мәлік Мырзалин тағайындалды.

Ал Қазақстанның Литвадағы дипломатиялық корпусының басшысы қызметін Тимур Оразаев,Албаниядағы Елшілікке Еркебұлан Сәпиевбасшылық ететін болды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте