Қарашөкеев СҚО-да ауыл шаруашылығы секторын мемлекеттік қолдаудың шаралары туралы айтып берді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайыловпен бірге Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар бағдарламасында Қызылжар ауданы Петерфельд ауылындағы «Петерфельд Агро» ЖШС алқабына бару, «Петерфельд Агро» ЖШС көктемгі егіс жұмыстарының барысымен, сүт-тауар фермасының жұмысымен танысу, шаруашылық басшыларымен кездесу болды.

Сондай-ақ, Петропавл облысының бірқатар өнеркәсіптік нысандарымен танысуы өтті.

Үкіметтік делегация Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңеске қатысты.

Онда сөз сөйлеген Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев үкіметтік шаралардың арқасында Солтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіптік кешенде оң нәтижелер көрсетіп отырғанын атап өтті.

Өсімдік шаруашылығындағы әртараптандыру шеңберінде соңғы үш жылда дәнді және бұршақты дақылдар алқабы 134,1 мың га ұлғайды, ол өткен жылы шамамен 3 млн. га құрады. Оның ішінде қарақұмық алқабы 3,9 есе ұлғайып, өткен жылы 8,7 мың га құрады.

2021 жылы машина-трактор паркін жаңарту міндеті шеңберінде өңірде 2426 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, бұл 2019 жылға қарағанда 21% артық (1896 бірлік).

Мал шаруашылығында үш жыл ішінде қуаты 33,5 мың тонна сүт болатын 15 жаңа сүт кешені пайдалануға берілді.

Облыста 2025 жылға дейін АӨК-де 31,9 млрд.теңге сомасына 21 инвестициялық жобаны іске асыру, сондай-ақ оларды іске асыру үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу жоспарланып отыр.

Оның ішінде мал шаруашылығына – 19,3 млрд.теңге сомасына 11 жоба, өсімдік шаруашылығына – 11,3 млрд. теңге сомасына 8 жоба, қайта өңдеуге – 1,2 млрд. теңге сомасына 2 жоба бар.

Инвестициялық жобаларды іске асыру маусымаралық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің тапшылығын өтеуге және облыстар мен елорда базарларындағы бағаларды тұрақтандырып, сондай-ақ 1000-ға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Министр оңтайлы агротехникалық мерзімде егіс науқанын уақытылы және сапалы жүргізу бойынша облыс диқандарының алдына басым міндеттерді қойды.

Ербол Қарашөкеев бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлеріне арзандатылған дизель отынын жеткізу жүргізіліп жатқанын, тұқымдық материалмен және минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету 100% құрайтынын атап өтті.

Жалпы, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 400,2 мың тонна бөлінді. Бұл 2021 жылға қарағанда 20 мың тоннаға артық, нарықтық бағадан 12-15% төмен екенін атап өткен жөн. Бұл ретте Солтүстік Қазақстан облысына 71 мың тонна немесе өткен жылмен салыстырғанда 3 мың тонна артық көзделген.

Үкіметтің қолдауының арқасында отандық өндірушілермен аграрийлердің минералды тыңайтқыштарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Аммиак селитрасының бағасы 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін, аммофос 208 мың теңгеден 173 мың теңгеге дейін төмендеді.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «Кең дала» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие берумен қамтамасыз етілді, оның көлемі 70 млрд.теңгеден 140 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ Азық-түлік корпорациясын форвардтық сатып алу бағдарламасы да 2 есеге ұлғайтылып, 80 млрд.теңгеге жеткізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ағымдағы жылы болжамды егіс алаңы шамамен 4,2 млн.га құрайды, өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге шамамен 75,8 мың тонна минералдық тыңайтқыштар жөнелтілді. Оларды субсидиялауға жергілікті бюджеттен 6,5 млрд. теңге көзделген, сондай-ақ 4,7 млрд. теңге сомасында қосымша қаражат бөлу мақұлданды. Тұқым шаруашылығын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 1,6 млрд. теңге бөлінді.

Жалпы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселесі министрліктің ерекше бақылауында және жоспарлы режимде жүріп жатыр.

Ербол Қарашөкеев Үкімет пен ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдаған Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі дағдарысқа қарсы жүйелі және жедел шараларына жеке тоқталды.

АӨК субсидиялауды жетілдіру тетіктерін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Алайда, әлемдік азық-түлік нарығындағы ы құбылмалы жағдайға байланысты және ішкі нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында субсидиялаудың жаңа тетігін енгізу мерзімін 2023 жылдың 1 қаңтарға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Тиісінше, ағымдағы жылы АӨК-ні мемлекеттік қолдау қолданыстағы субсидиялау қағидалары бойынша жүзеге асырылатын болады.

Жалпы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға ағымдағы жылы 310,1 млрд.теңге, оның ішінде өсімдік шаруашылығына – 79,7 млрд. теңге, мал шаруашылығына – 100,7 млрд. теңге, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге және қаржы құралдарына – 128,7 млрд. теңге субсидия көзделіп отыр. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысына 44,5 млрд.теңге жоспарланған. Атап айтқанда өсімдік шаруашылығына – 18 млрд. теңге, мал шаруашылығына – 8,8 млрд. теңге, қайта өңдеуге және қаржы құралдарына – 17,7 млрд. теңге бөлінді.

Министр отандық агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығын сақтау жөніндегі жалпы көріністі келесідей сипаттады: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша АӨК қаржыландыруға қосымша 298,1 млрд.теңге қарастырылған, оның ішінде инвестициялық субсидиялауға 43 млрд. теңге бағытталатын болады.

Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысына 6,8 млрд. теңге; 34,9 млрд. теңге – кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға, оның ішінде СҚО бойынша – 5,7 млрд. теңге; 24,5 млрд. теңге – мал шаруашылығын субсидиялауға, оның ішінде СҚО бойынша – 1 млрд. теңгеге жуық; 27,5 млрд. теңге - өсімдік шаруашылығын субсидиялауға, бұл ретте облысқа 11,1 млрд.теңге бағытталады; әлеуметтік нан өндіру үшін астықты субсидиялауға 9,3 млрд. теңге бөлінеді.

Осылайша, саланы субсидиялауға қосымша 139 млрд.теңгеден астам қаражат бағытталатын болады. Бұл ретте облыс 24,6 млрд. теңге субсидия алады.

Қалған қаражат ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Бұдан басқа, 2021 жылғы құрғақшылық қайталанған жағдайда мал басы мен құстың сақталуын қамтамасыз ететін 200 мың тонна көлемінде астық қорын қалыптастыру үшін форвардтық сатып алуға 20 млрд.теңге бөлінеді.

Өткен жылы АӨК саласындағы ірі инвестициялық жобаларды республикалық бюджет қаражатынан «Солтүстік» ӘКК жарғылық капиталын толықтыру есебінен қаржыландыруды көздейтін пилоттық жоба іске асырыла бастады. 2021 жылы оны іске асыруға 15 млрд.теңге бөлінді. Биылғы жылы бұл мақсаттарға қосымша 20 млрд.теңге бөлінді.

Анықтама ретінде: 2021 жылы 6 бағыт бойынша 17 жобаны қаржыландыруға 15 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде:

Жабдықтар мен мал басын сатып алуға, 3 қой фермасы мен сал сатып алуға, 1 құс фермасына жабдықтар сатып алуға, 1 шошқа кешеніне (жылына бордақылаумен 100-ден 200 мың басқа дейін кеңейту) жабдықтар мен шошқа сатып алуға майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша 1 кәсіпорын, 2 жылыжай кешені бар.

2021 жылы жалпы өнім көлемі 892,8 млрд.теңгені құрады, бұл 2020 жылғы деңгейден 39,7 млрд. теңгеге артық. Өңірде қой етін өндіруді ұлғайту есебінен 3 қой фермасының құрылуына және 4015 бас қой сатып алуға байланысты 61 жұмыс орындары пайда болды.

«Аталған пилоттық жобаның оң тәжірибесін ескере отырып, оны басқа облыстармен көбейту мүмкіндігін қарастыру қажет. Аталған жүйелі шараларды қабылдау республиканың, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығын дамытудың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Ербол Қарашөкеев.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте