Мемлекеттік кірістер комитеті салық есептілігін ұсыну мерзімін 18 ақпанға дейін ұзартты.
Комитеттің хабарлауынша, жүктеменің өсуіне байланысты "Салық төлеуші кабинеті" Web-қосымшасының жұмысында техникалық ақаулар тіркелді.
"Салық төлеуші кабинеті" Web-қосымшасында қалпына келтіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр". - делінген хабарламада.
Осыған байланысты салық есептілігін ұсыну мерзімі 3 жұмыс күнге, яғни "2022 жылғы 18 ақпанды" қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды.
Вам может быть интересно: «Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімдігін басып алуға қатысқан 2 шетелдік ұсталды»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter