Елордада үш көшеде шекті жылдамдық 60 км/сағ дейін төмендетілді

Елордада бұрын шағын айналма жолы саналған үш көшеде ең жоғары жылдамдық сағатына 60 шақырымға дейін төмендетілді, деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.

«Жылдамдық нормасының сақталуын бақылау мақсатында Әл-Фараби даңғылында Пушкин көшесінен Р.Қошқарбаев көшесіне дейінгі аралықта «Сергек» камералары орнатылды, мұнда бұрын ең жоғары жылдамдық 70 км/сағ болатын. Бұл даңғылдың бойында жаяу жүргіншілер өткелдері мен тротуарлардың жоқтығын, сондай-ақ қозғалыстың көптігін ескере отырып, бағдаршам орнатылғанға дейін максималды жылдамдық 60 км/сағ дейін төмендетілді. Бұл аумақтың белсенді дамуын ескере отырып, жаяу жүргіншілер бағдаршамын салу жоспарланып отыр», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, «Нұр-Сұлтан – Қарағанды» тас жолының бойындағы Күйгенжар тұрғын алабынан қала шекарасына дейін, Тұран даңғылының бойымен Қарқаралы тас жолынан Ұлы Дала даңғылына дейін 80 км/сағ-тан 60 км/сағ-қа дейін максималды жылдамдық төмендетілді.

Полиция департаментінің мәліметінше, «Сергек» камералары көліктердің жылдамдықты асыруын тіркеу 2021 жылдың 28 желтоқсанынан бастап жүзеге асырылады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте