Қазақстан Елшісі Армения Ұлттық жиналысының төрағасымен кездесті

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Ұлттық жиналысының Төрағасы Ален Симонянмен кездесу өткізіп, Қазақстан-Армения парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Спикер екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың өте жоғары деңгейде екенін айтып, екі жақты форматтағы жалпы интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар шеңберіндегі Қазақстанмен диалогты кеңейтуге мүдделілігін танытты. Сонымен қатар, ол сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң динамикасын, зор әлеуеті және өсу келешегі бар екенін атап өтті.

Тараптар парламентаралық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылау барысында екі мемлекеттің заңнамалық органдарының ТМД, ҰҚШҰ, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕК және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылы жемісті екенін атап өтті. Бұл ретте А.Симонян Қазақстан-Армения қарым-қатынастарын барлық бағыттар бойынша тереңдетуге ықпал ететін парламентаралық ынтымақтастықтың, сондай-ақ «Қазақстан-Армения» парламенттік достық топтарының белсенді жұмысының маңыздылығын айтты. Елші сұхбаттасын тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның дамуының негізгі кезеңдері туралы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері, сондай-ақ ҚР саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың ағымдағы бағдарламалары және қазақстандық халықаралық бастамалар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Ұлттық жиналыстың төрағасы ҚР тәуелсіздігнің 30 жылдық кезеңіндегі жетістіктерін және Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше рөл атқаратын еліміздің этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған саясатын жоғары бағалады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте