Қазақстан СІМ ТМД елдерінің сыртқы саяси мекемелері талдамалық қызметттерінің консультацияларына қатысты

ТМД Атқарушы комитетінің негізінде «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрліктерінің сыртқы саяси жоспарлауы туралы» сімаралық консультациялары өтті.

Аталған консультацияларға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Таджикистан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері қатысты, Әзербайжан мен Молдова бақылаушы ретінде қатысты.

Қатысушылар стратегиялық және сыртқы саяси жоспарлаудың ұлттық тәжірибелері, әлемдегі және ТМД кеңістігіндегі жағдай дамуының негізгі үрдістері бойынша пікір алмасты.

ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжамдау департаментінің директоры Ерлан Шәмішев қатысушылардың назарын халықаралық қатынастардың заманауи жүйесін күрделі түрлендіруге, мемлекеттеріміздің қауіпсіздігіне сын-тегеуріндер мен қатерлердің күр шиеленісуіне әкелетін әлемдік экономкадағы дағдарыстық құбылыстарға аударды.

Отандық дипломаттар оған қоса азаматтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша нақты 10 мақсатты белгілейтін, институттар сапасы мен күшті экономика құру бойынша Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары, сонымен қатар сыртқы саяси жоспарлаудың ҚР 2020-2030 жылдарға арналған Сыртқы саясат тұжырымдамасымен сәйкестігі айтылды.

ТМД-ға мүше-мемлекеттердің өкілдері саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасу үшін осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте