Нұр-Сұлтанда Чехия өкілдері қазақстандық серіктестермен бірлескен кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр

Елорда әкімдігінде Skoda transportation Локомотив құрастыру зауытының өкілі, Орталық Азия өңіріндегі сату жөніндегі директор Роман Сорокиннің «Қазақстан темір жолы» АҚ қызметкерлерімен және әлеуетті жекеше әріптесімен кездесуі өтті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Кездесудің мақсаты – жолаушылар көлігі өндірісін оқшаулау үшін қазақстандық серіктеспен бірлескен кәсіпорын ашу. Бұдан басқа, чех тарапы МЖӘ жобаларына қатысу мүмкіндігін қарастыруда.

Skoda transportation – Škoda Holding холдингінің құрамындағы Локомотив құрастыру конгломераты. Зауыт Чехияның Плзень қаласында орналасқан, ауыр машина жасаудың түрлі өнеркәсіптік өнімдерін, негізінен теміржол көлігінің қажеттіліктері үшін жылжымалы құрамды шығарады.

Онлайн-кездесу барысында тараптар Нұр-Сұлтан қаласында бірлескен өндірістік кәсіпорын құруға үлкен қызығушылық танытты.

«Қазақстан темір жолы» АҚ өкілдерімен әңгіме барысында Қазақстан темір жолдары үшін жаңа көлік шығару шешімі ұсынылды. Қазақстан тарапының өкілдері ұсынылған жылжымалы құрамдарды сатып алуға қызығушылық білдірді, алайда көліктің Қазақстанның ауа райы жағдайларына дайындығын және барлық нормативтік талаптарға сәйкестігін мұқият зерделеу қажет.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте