Қазақстан СІМ жанындағы Адами өлшем жөніндегі диалог алаңында гендерлік теңдік талқылады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Үсен Сүлейменнің төрағалығымен «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының («АӨДА» ККО) кезектен тыс онлайн отырысын өткізді.

Күн тәртібінде адам құқықтарын қорғау саласындағы үш бағыт: әйелдер мен қыз балалардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, 2013-2021 жылдар мерзіміндегі ККО ұсынымдарын талдау, адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын іске асыру бойынша ККО-ның 2021 жылдың аяғына дейінгі жұмысының аралық қорытындылары талқыланды.

Азаматтық сектор ұсынған құжаттардың ішінен «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Қазақстандағы өкілдігі әзірлеген «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының өзектендірілген нұсқасына ықтимал енгізу үшін «БҰҰ-әйелдер» құрылымының ұсынымдары» талдамалық баяндамасы ерекше атап өтілді.

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро 2013-2021 жылдар мерзіміндегі ККО ұсынымдарын, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын іске асыру бойынша ККО-ның 2021 жылдың аяғына дейінгі жұмысының аралық қорытындыларын талдауға арналған баяндамалар жасады.

Қатысушылар бірқатар бағыттар бойынша жауапты мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам ұйымдары мен сарапшылар арасындағы диалог аясында қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын атап көрсетті. Атап айтқанда, адамдарды, әсіресе әйелдер мен балалар саудасының алдын алу және жолын кесу туралы шаралар бойынша және азаптауларға, қатыгездікке немесе қадір-қасиетті қорлайтын әрекеттер мен жазалауға қарсы күрес аспектілерін пысықтау, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Күн тәртібіндегі әрбір мәселеге қатысты пікірталастар мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың осы мәселелер бойынша бұдан әрі өзара іс-қимылы бойынша нақты ұсыныстар жасаумен, ашық әрі сындарлы сипатқа ие болды.

Іс-шараға ҚР Парламент депутаттары, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы, Жоғарғы Сот, Конституциялық Кеңес, мүдделі министрліктер, үкіметтік емес қазақстандық құқық қорғау ұйымдар өкілдері, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ халықаралық серіктестер – оның ішінде БҰҰ Даму бағадрламасы, Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссардың басқармасы, ЕҚЫҰ, Еуропалық одақ және ЮСАИД өкілдері қатысты.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте