«Қоғамдық келісім» КММ қызметінде менеджменттің заманауи әдістерін енгізу бойынша әдістемелік кеңес отырысы өткізілді

Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері және өңірлердің Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдары жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметінде менеджменттің заманауи әдістерін енгізу бойынша әдістемелік кеңес отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі М. Әзілханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н. Дементьева және А. Амирханян, АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин, «Қоғамдық келісім» КММ өңірдегі басшылары қатысты.

Отырыс барысында «Қоғамдық келісім» КММ, Достық үйлері және ҚХА қоғамдық құрылымдары қызметінің тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері қаралды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте