Зеренді ауданында 100-ден астам адам орман өртін сөндірді

Кеше, 2021 жылғы 25 тамызда "Көкшетау" МҰТП Зеренді филиалының Грибновское орман шаруашылығы аумағында орман өртенді, өртті сөндіруге 154 адам мен өрт десанты бар тікұшақ қатысты, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Орман өртін жоюға 20 бірлік техника, 1 тікұшақ және жеке құрамның 142 адамы, оның ішінде Ақмола облысы ТЖД 5 бірлік техникасы және 51 адам, 6 бірлік техника және орман мекемелерінің 54 қызметкері, "Қазавиаорманқорғау" АҚ 1 тікұшағы, жергілікті атқарушы органдардың 7 бірлік және 33 адам және өртке қарсы құрылымдардың 2 бірлік техникасы мен 4 адам тартылды.

Өрттің күрделілігі қатты жел мен өрттің ағаштардың тәждеріне таралуы болды. Алайда, жедел іс-қимылдар мен күштер мен құралдардың уақтылы жұмылдырылуының арқасында өрт 18 сағат 50 минутта оқшауланды, қазіргі уақытта қарауылдау жүргізілуде. Орман өртінің ауданы 7 гектарды құрады.

Өрттің алдын ала себебі – өртеу. Өрт болған жерде Зеренді аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істейді. Еске сала кетейік, Ақмола облысында ауа температурасының ыстық болуына байланысты өрт қауіптілігінің жоғары класы сақталып отыр.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті орман алқаптарында өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте