2024 жылдың басынан бері ҚТО Германияға 420 мың тонна қазақстандық мұнай тасымалдады

5420

Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір аралығында «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша «Адамова Застава» мұнай жеткізу пункті бағытында Германияға одан әрі жеткізу үшін қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемі 420 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 330 мың тоннаға артық.

2024 жылдың мамыр айында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 120 мың тонна қазақстандық мұнайды тасымалдауды жоспарлап отыр.

2023 жылы Қазақстан мұнайын Германияға жеткізу үшін осы бағыт бойынша тасымалдаудың жалпы көлемі 993 мың тоннаны құрады.

Бұл транзит Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісім аясында жүзеге асырылады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить