Қазақстан мен Румыния инвестицияларды қолдау жөніндегі жұмыс тобын құрады

4153

2024 жылғы 15-16 ақпанда БухаресттеҚазақстан-Румыния сауда-экономикалық жәнеғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегіүкіметаралық комиссияның 17-ші отырысы өтті. Отырыста Қазақстан тарапынан тең төраға – Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Румыния тарапынан – Энергетика министріСебастьян Бурдужа болды. Кездесуге соныменқатар елшілер, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Көлік министрлігі, Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрлігі қатысты.

Шара барысында тараптар екі елдің түрлісалалардағы экономикалық ынтымақтастығыныңкелешегін талқылады. Энергетика саласындаэнергетика және қаржы министрліктерініңөкілдерінен бірлескен жұмыс тобын құру туралыкелісімге қол жеткізілді. Жұмыс тобы екіжақтыынтымақтастықты одан әрі арттыру жәнеэнергетика саласындағы өзараинвестицияларды қолдау тетіктерін әзірлейтінболады. Бірқатар румындық компанияларҚазақстанмен мұнай-газ секторы үшін құрал-жабдықтар мен жинақтаушы бұйымдардыжеткізуде ынтымақтастыққа қызығушылықтанытты. Бұл ұсынысты қазақстандық тарап зерделейтін болады. Сондай-ақ елдердің өкілдері химия және металлургия салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін одан әрі талқылауға және Румыния мен Қазақстандағы жаңартылатын энергия жобалары бойынша аукциондарға қатысатын елдердің компанияларын ынталандыруға келісті. Көлік саласында тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін дамыту және пайдалану туралы келісті.

2024 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарайкөлік саласындағы ынтымақтастық жөніндегіжұмыс тобы құрылады. Сондай-ақ ауылшаруашылығы, мәдениет және туризм, еңбекжәне азаматтарды әлеуметтік қорғаусалаларындағы ынтымақтастықтың келешегіталқыланып, екіжақты әріптестікті дамытужобалары белгіленді.

Румынияға сапары барысында ҚР Энергетикаминистрі Алмасадам Сәтқалиев Ромпетрол «Valcele» жанармай құю стансасы мен«Petromidia» мұнай өңдеу зауытыныңжұмысымен танысты.

«Бүгінде Қазақстан Республикасының ең ірішетелдік инвестициялық жобасы 2007 жылы«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясыныңРомпетрол компаниясын сатып алуы болыптабылады. Қазақстан алдағы уақытта да достас мемлекет Румыниямен инвестициялықсеріктестікті сақтауға мүдделі, деді Сәтқалиев.

Министр сондай-ақ Nuclearelectrica басдиректорымен, сондай-ақ RomGasкомпаниясының басшылығымен кездесіп, келіссөздер жүргізді.

Nuclearelectrica-ның Румыниядағы әлеуметтікатом энергетикасын дамыту, халықтың сексен пайыз қолдауына ие болу және тәжірибеалмасуға дайындығы атап өтілді.

Анықтама үшін: Қазақстан статистикасыбойынша 2023 жылы Қазақстан мен Румынияарасындағы тауар айналымы 2,9 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкескезеңімен салыстырғанда (2,7 млрд АҚШ доллары) 8,5%-ға артық. 2023 жылға экспорт10,1%-ға өсіп, 2,8 млрд долларды құрады, импорт 21,1%-ға азайып, 112,2 млн доллардықұрады.

Румынияда қазақстандық капиталдыңқатысуымен энергетика, сауда, жиһаз өндірісі, киім және аяқ киім, сондай-ақ дәрі-дәрмекөндірісі салаларында жұмыс істейтін 49 заңдытұлға жұмыс істейді. Өз кезегінде Қазақстанда 28 бірлескен қазақстандық-румындық кәсіпорынтіркелген, олар негізінен мұнай-газ секторыменайналысады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить