Аман Имандосов «Урал Ойл энд Газ» ЖШС бас директоры болып тағайындалды

3097

Ural Group Limited компаниясының директорлар Кеңесінің шешімімен «Урал Ойл энд Газ» ЖШС Бас директоры болып Аман Ғалымжанұлы Имандосов тағайындалды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ хабарлады.

Бұған дейін А.Имандосов «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Білімі – жоғары.

2001 жылы С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша және 2013 жылы И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін «Мұнай-газ бизнесін басқару» мамандығы бойынша үздік бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ бастаған, одан кейін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС әр түрлі қызметтер атқарған.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube