Елордада пәтерден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

4751

Астанада көпқабатты тұрғын үйде пәтерден өрт шықты. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр.

«15 ақпан күні сағат 18:21-де Астана қаласы Төтенше жағдай департаменті бөлімшесі Тәуелсіздік даңғылы, 21 мекенжайына барды. 8 минуттан кейін өрт сөндірушілер пәтердің өртеніп жатқанын анықтады. Пәтерден автокөлік сатысының көмегімен әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды», - деді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Ақпаратта айтылғандай, өртпен күреске 26 маман және 7 техника жұмылдырылды.

«Пәтердің ас бөлмесінің (15 шаршы метр) төбесі, жиһаз (диван) және басқа да заттар жанған. Өрт сөндірушілер 30 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Олардың арасында 3 адам, 12 бала және 1 сәби бар. Құтқарылған 3 адамды жедел жәрдем бригадасы тексеріп жатыр», - деді департаменттен.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube