Марат Ахметжанов банк қызметкерлерін кепілге алған күдіктінің қандай талап қойғанын айтты

Кепілге алынған банк қызметкерлері босатылғаннан кейін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов оқиғаның мән-жайын айтып берді. 

«Талаптары заңсыз және олар әртүрлі болды. Мен ішке кіріп, онымен (кепілге алған ер адам – автор түсіндірмесі) сөйлестім. Ол белгілі бір шоттарға ақша аударуды, туыстары мен жақындарына көмектесуді сұрады. Сөйлесу үшін біз оның туыстарын келіссөзге тарттық. Бірақ, ол олардың айтқанына көнбеді. Сондықтан, арнайы операция арқылы күшпен алу керек болды», - деп жауап берді Марат Ахметжанов журналистер сауалына орай.

Еске салайық, елордадағы Kaspi банктің ғимаратында қаруланған ер адам бірнеше кісіні кепілге алғанын хабарлап едік.

Полиция қызметкерлері кепілге алынған адамдарды босатты.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлім етті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте