Астанада 1300-ден астам азамат полицияға қоғамдық көмек көрсетеді

4135

Астана полициясының қоғамдық көмекшілеріне куәліктер мен жетондар табыс етілді, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның қоғамдық көмекшілеріне куәліктер мен жетондарды Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Дәурен Қазбеков табыстады.

«Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуда учаскелік инспекторлармен бірлесіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысатын полицияның қоғамдық көмекшілері пәрменді көмек көрсетеді», - деп атап өтті ол.

Бүгінгі таңда қоғамдық тәртіпті қорғауға 1 344 өкіл қатысады, оның ішінде құқық қорғау органдарының ардагерлері, консьерждер, күзет құрылымдарының қызметкерлері, жедел-жастар жасақтарының мүшелері бар.

Өткен жылы қоғамдық құрылымдар 3 057 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға үлес қосты. ІІО-ға 1 798 құқық бұзушы жеткізілді, 398 жедел ақпарат берілді.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить