Журналист Михаил Козачковқа қатысты іс ҚР заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс - Ақорда

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті», - делінген Руслан Желдібайдың жазбасында.

Оның айтуынша, Қазақстан азаматы ретінде ұсталған журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте