Ғиният Тараз қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта болды

2213

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 3-ші деңгейдегі акушерлік-гинекологиялық және перинаталдық көмектің толық спектрі көрсетілетін облыстық көп бейінді аурухананың құрылымына кіретін 280 төсектік Перинаталдық орталықта болды.

Бұл орталықта асқынған ағыммен жүктілікті және босануды білікті жүргізу, жоғары қауіпті топтарды анықтау жүргізіледі, Жаңа туған нәрестелерге қарқынды реанимациялық көмекті, шала туған балаларды күтуді қоса алғанда, көмектің барлық спектрі көрсетіледі.

Министр аралауды перзентхананың жүрегі ауыр жағдайдағы жүкті және босанғаннан кейінгі әйелдер, жаңа туған нәрестелер үшін арналған реанимация және қарқынды терапиядан бастады. Жүкті және босанатын әйелдермен әңгімелесу жүргізді, олардың денсаулық жағдайына, босануға дайындығына және емханалардағы акушерлік қызмет тарапынан бақылау сапасына қызығушылық танытты.

"Біз үшін қызметтің ең басым бағыттарының бірі ана мен баланы қорғау болып қала береді. Мемлекет басшысы жариялаған бала жылында Денсаулық сақтау министрлігі құрсақішілік кезеңнен бастап балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған бірнеше бастаманы жүзеге асыруда. Қабылданып жатқан шаралар жүкті әйелдерді босануға дейінгі сапалы бақылаумен 80% - ға дейін, жаңа туған нәрестелерді скринингтермен қамтуды арттыруға ықпал ететін болады", - деп атап өтті А.Ғиният.

Ол скринингтердің тиімділігін арттыру үшін пренаталдық скринингті жүргізу қағидалары бекітілгенін, пренаталдық УДЗ скринингті жүргізу стандарты бекітілгенін, УДЗ диагностикасының халықаралық стандарты бойынша 150 маман оқытылғанын, сондай-ақ сараптамалық кластағы 50-ден астам УДЗ аппаратын сатып алу жоспарланғанын айтты.

Министр жергілікті атқарушы органдардың басшылығына кадр әлеуетін нығайту, мамандарды тарту үшін жағдай жасау және олардың қолайлы жұмыс істеуі мәселелеріне назар аударды.

Сондай-ақ, ҚР ДСМ басшысы МСАК басшыларының жіті назарын талап ететін патронаждық қызметті дамытудың маңыздылығын атап өтті.
"Қазақстандағы медициналық-санитарлық алғашқы қызмет деңгейінде балалардың денсаулығы мен дамуы үшін қауіптердің алдын алу және анықтау үшін патронаждың әмбебап прогрессивті моделі ерекше бақылауда болады", - деп атап өтті министр.

Бұдан әрі министр облыстық көпбейінді аурухананың басшысы Қайрат Жетібаевты"ALTYN SHIPAGER" Ұлттық медициналық жүлдесінің нұсқасы бойынша "Елдің үздік босандыру ұйымы" номинациясы бойынша 2-ші орынмен құттықтады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить