ҚР ЭГТРМ: Балық аулау құралдарымен заңсыз балық аулау үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі

5520

Акция барысында балық қорғау шараларының тиімділігін арттыру үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары да қолданылды. 19 сәуірде оның көмегімен жету қиын жерлерде заңсыз сақтау орны анықталып, онда 17 қап браконьерлік балық аулау құралдары табылды. Болашақта заманауи техникалық құралдарды кеңінен қолдану жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов мәлімдеді.

«Бекіре-2022» шарасы барысында балық қорғау қызметкерлері полициямен бірлесіп, базарлар мен арнайы дүкендерде сатуға тыйым салынған синтетикалық желілердің заңсыз саудасын анықтау үшін мониторинг жүргізді. Нәтижесінде 26 сәуірде Атырау қаласындағы «Дина» базарында 59 синтетикалық тор тәркіледі. Тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша жауапқа тартылды. Инспекция мен табиғат қорғау полициясы қызметкерлері заңсыз сату фактілері бойынша жиі тексеріс өткізіп тұрады. Нәтижесінде сауда-саттық орындарында заңсыз тасымалданған немесе заңсыз сатылатын ау құралдары тәркіленіп, тәртіп бұзушылар ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша жазаланады. Оның мөлшері 25 АЕК немесе 76 575 теңгеге тең», - деді спикер.

Оның айтуынша, экология министрлігі «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдарын заңсыз әкелгені, әкеткені, тасымалдағаны, сатып алғаны, сақтағаны және дайындағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу бойынша түзетулер әзірледі. Бұл заң тыйым салынған балық аулау құралдарымен заңсыз балық аулау үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтеді.

Көрсетілген құқыққа қарсы әрекет үшін әкімшілік айыппұлды 20-дан 50 АЕК-ке дейін ұлғайту жоспарланып отыр, ал қайталап жасалған әрекет үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде әкімшілік қамауға алу көзделген болатын. Бүгінгі таңда заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде келісілуде.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить