Қарағандыда 10 млн теңгеге дейін салым жасауға шақыратын қаржы пирамидасы әшкерленді

Қарағандыда тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлайды.

Пирамиданы ұйымдастырушы азаматтардан инвестиция тарту үшін WhatsApp-та топтар құрды. Қылмыстық схема қатысушылардың екі бағыт бойынша қаражатын тартудан тұрды. Біріншісі – жаңа қатысушыларды тарту арқылы салым сомасының 70%-ы көлемінде сыйақы төлеуге уәде беріп, 4 күннен 5 күнге дейінгі мерзімге азаматтардан инвестиция жинақтау. Екіншісі – «Cтандарт», «Vip» және «Premium» деген үш позицияға азаматтардан инвестиция тарту, 150 000 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейінгі салымдар сомасында қаражат жинақтау. Қылмыскер іс жүзінде кәсіпкерлік қызметпен айналыспаған.

Салымдар мобильді банкинг арқылы қабылданды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заң бұзған азаматша қаржылық пирамиданы құруына қатысты кінәсін мойындады.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте