Денис Евсеев АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті

Қазақстандық Денис Евсеев Канзас штатындағы Уичито қаласында (АҚШ) өтіп жатқан ITF турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Жарыстың бірінші ракеткасы Евсеев ширек финалда отандасы Бейбіт Жукаевпен сынға түсті. Бірінші партияда тай-брейкте 21 жастағы Б.Жукаев әбжілдік танытты – 7:6 (7:1). Екіншісінде Д.Евсеев есе қайырды – 6:3. Үшінші, шешуші партияда Денис тәжірибесі мен шеберлігінің басым екендігін байқатты – 6:2. Қазақстандық қос теннисші арасында тартысты өткен матч 2 сағат 24 минутқа созылды. Денис финалға шығу үшін франциялық Клеман Шидехпен кезедеседі.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте