Омаров Ырғыз ауданының жұртшылығымен кездесті

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Ырғыз ауданының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында А.Омаров Министрліктің іске асырған жобалары, атқарған жұмыстары мен негізгі міндеттері туралы айтып берді.

Министр өңірлік БАҚ-ты барынша тарта отырып, өңірлік мемлекеттік ақпараттық тапсырысты уақытылы іске асыру қажеттігі туралы атап өтті.

Сонымен қатар азаматтық қоғамды дамыту саласы бойынша, атап айтқанда: мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы ҮЕҰ-ны қаржыландыру; волонтёрлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және ҮЕҰ-ға арналған гранттар мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру, волонтерлік туралы егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

Кездесуде халық министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша халықты толғандыратын өзекті сұрақтар қойылды. Мәселен дін, идеология, БАҚ-тағы контент, волонтерлік қызмет, жастар жайы көтерілді. Кей тұрғындар Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізіне қосылатын Ырғыз жолының жөндеуден өткізілуге тиіс екенін айтты.

Бір байқалғаны, жергілікті халық елдік деңгейдегі сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Іс-сапар бағдарламасының маңызды бөлігі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг пен азаматтарды жеке қабылдау болды.

Сондай-ақ Асқар Омаров Ырғыз аудандық мешіті, “Ырғыз” газеті секілді нысандардың да жұмысымен танысып, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте