Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар жыл басынан бері – 16,3% өсті

Өткен аптада және ай басынан бері кезеңге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,4%-дан, жыл басынан бері – 16,3% өсті.

Жылдық мәнде олар 19,9% қымбаттады, бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңнен 7,1 пайыздық тармаққа жоғары.

Бір апта ішінде бағасы өскен азық-түлік:
- құмшекер – 3,1%
- пияз – 1,9%
- картоп – 1,2%

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішіндегі ең қымбаты тұздалмаған сары май, сиыр еті мен сүзбе.

ҚР бойынша орташа баға /2022 жылғы 7 маусымға/:
Сары май – 3177 тг/кг
Сиыр еті – 2169 тг/кг
Сүзбе – 1667тг/кг

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 түрлі тауар кіреді

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте