Транзит тасымалдарының көлемі артпақ

2657

Осы мақсатта теміржол көлігі саласында 2025 жылға дейін үш негізгі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған, деп хабарлайды ҚР ИИДМ.

Солардың біріншісі – «Достық-Мойынты» жобасы. Оны іске асыру Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік тасымалдар көлемін арттырады. Учаскенің өткізу қабілеті 5 есе ұлғайып, тасымал жылдамдығы тәулігіне 1500 шақырымға дейін жетеді.

«Дарбаза – Мақтаарал» жобасы Орта Азия елдеріне транзиттік қашықтықты қысқартып, қолданыстағы өткізу пункті арқылы Өзбекстанға шығуды қамтамасыз етеді.

Үшінші жоба – «Алматы станциясының айналма теміржол желісі». Ол Алматы торабына түсетін жүктемені 30% азайтып, жүктерді жеткізу уақытын 24 сағатқа дейін қысқартады.

Осы орайда теміржол көлігі саласында жылжымалы құрамды жаңарту шаралары да қабылдануда. Бұл тұрғыда, елімізде шығарылған вагондарды сатып алуға кредит бергенде вагон операторлары үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілмек. Бағдарлама аясында шамамен 3,5 мың фитингтік платформа және 2 мыңнан астам жүк вагоны сатып алынды. Сондай-ақ, биыл «Қазақстан темір жолы» 1,5 мың жүк вагонын сатып алу жоспарланған.

Жүк тасымалдарын одан әрі дамыту мақсатында Министрлік отандық электровоздар (ALSTOM) мен тепловоздарды (ЛКЗ GE) сатып алғанда сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдауды заңнамалық түрде енгізуді ұсынып отыр.
Бүгінгі таңда еліміз арқылы өтетін транзиттік жүктердің шамамен 90%-ы теміржол көлігімен тасымалданады.
 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить