Қазақстан мен Пәкістан сарапшылары ғылыми-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуда

Пәкістан Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің бастамасымен және Исламабад Саяси зерттеулер институтының бұл бастамаға ұйымдастырушылық жағынан көрсеткен қолдауымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30жылдық мерейтойына арналған гибридті формат шеңберінде дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қазақстан мен Пәкістанның әрқайсысынан бес жетекші ғылыми-сараптамалық орталықтарының бір-бір өкілінен қатысты.

Қазақстан тарапынан бұлардың қатарына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Экономикалық зерттеулер институты, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты кірді.

Пәкістан сарапшыларының қауымдастығы болса, жоғарыда аталып кеткен Исламабад Саяси зерттеулер институтынан басқа Исламабад стратегиялық зерттеулер институты, Жаһандық және стратегиялық зерттеулер орталығы, Экономикалық даму жөніндегі Пәкістан институты және Халықаралық қатынастарды зерттеу мәселелері жөніндегі Пәкістан институты секілді орталықтары арқылы көрінді.

Жиын басталғалы оның қатысушыларына Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин және Қазақстандағы Пәкістанның Елшісі Саджад Ахмед Сихар алғы сөздерін жолдады.

Өзсөзінде бұндай көлемі әрі мәртебесі кең жиын бұрын-соңды болмағанын атап өткен Елші Е.Қыстафин Қазақстан мен Пәкістан сарапшыларының қаумдастықтары арасындағы байланыстар жүйелі әрі тұрақты күйде дамуы тиіс екенін ерекше атап өтті. Осы орайда ол Елшілік өз жұмысында екі ел арасындағы ғылыми және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға одан әрі зор көңіл бөлетінін анық жеткізді.

Сарапшылардың одан кейін орын алған баяндамаларында тәуелсіздік кезеңінің жылдары шеңберінде Қазақстанның өткен даму жолында және сыртқы саясат, экономика мен азаматтық қоғамды құру мәселесінде қол жеткізген жетістіктері туралы кеңінен айтылды. Осы орайда Қазақстан мемлекетінің негізін қалауында және оны дамытуда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың рөлі айрықша аталып өтілді.

Бұған қоса, сөз алғандар олардың ой-пікірінше келешегі мол Қазақстан мен Пәкістан қатыныстарының тарихы жайында да біраз әңгіме көтерді.

ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Исламабад Саяси зерттеулер институты арасындағы Өзара түсіністік меморандумға қол қойылуы іс-шара бағдарламасының орны бөлек рәсіміне айналды.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша, тараптар бұндай жиындардың жүйелі түрде өткізудің және Қазақстан мен Пәкістанның жетекші «ой-талқы орталықтары» арасындағы байланыстардың тікелей орнатылуының маңыздылығын растады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте