Жоғарғы Бас қолбасшы кубогы сарапқа салынған қоян-қолтық ұрыс турнирінің жеңімпаздары анықталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының кубогы сарапқа салынған қоян-қолтық ұрыстан VI ашық республикалық турнирдің ақтық жекпе-жегі аяқталды.

Мықтылар сыналатын жарыста жеңіске жету үшін Қарулы Күштер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық ұлан, сондай-ақ еліміздің түрлі өңірлерінен келген спортшылар өз салмақ дәрежесінде бағын сынады.

Турнир қорытындысына келсек, 55 келі салмақта жекпе-жектен жеке біріншілікте Қорғаныс министрлігінің спортшысы Аман Шәкіртов, сондай-ақ ІІМ өкілдері 60 келіге дейін, 65 келіге дейін, 75 келіге дейін, 85 келіге дейін, 90 келіден жоғары Асхат Жылысбеков, Ырысбек Байдуллаев, Айдын Төлепбаев, Асылбек Смайылов және Жеңіс Ердәулет жеңіс тұғырынан көрінді. Мемлекеттік күзет қызметінен 70 келіге дейінгі салмақта Данияр Қойшыбекке, 80 келіге дейін – Әуе қорғанысы күштерінің өкілі Жомарт Жәкетаевқа, 90 келіге дейін – Ұлттық қауіпсіздік комитетінен Демей Бексұлтанға жеңіс бұйырды.

Жарыстарда жеңген спортшыларға «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағын беруі турнирдің біліктілікті бағамдауы болып табылады.
Жалпы командалық есепте бірінші орынды Ішкі істер министрлігінің құрамасы, екінші орынды Мемлекеттік күзет қызметінің командасы олжалап, Қорғаныс министрлігінің командасы үздік үштікті тұйықтайды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте