Қазақстан бидай мен ұнды ауған нарығына қайта шығара бастады

Жыл сайын Қазақстан әлемнің түрлі елдеріне экспортқа 7-8 млн тонна астық пен ұн жібереді. Бұл ретте Ауғанстан негізгі емес, қазақстандық бидай мен ұнды өткізудің басты және дәстүрлі нарықтарының бірі болып табылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлайды.

QazTrade деректері бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін 300 ұн экспорттаушының 183-і өзге нарықпен және ауған нарығымен де өзара іс-қимыл жасауда. Тағы 49-ы тек Ауғанстанға жүк жөнелтумен айнлысады. Экспорттаушылардың жолға қойылған көлік дәліздері мен жаңа билік кезінде де жұмысын жалғастырып жатқан бизнес-байланыстары бар. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Солтүстік Ауған провинциялары – Балх, Бағлан, Тахар және Құндыз, сондай-ақ астаналық аймақ және Қабул қаласы пайдаланатынын айта кету керек.

«Ауғанстандағы саяси ахуалдың өзгеруі шынымен де барлық әріптес елдермен, оның ішінде Қазақстанмен сауда операцияларының тоқтатыла тұруына алып келді. Біраз уақыт бойы банкаралық транзакциялар мен теміржол вагондарын жеткізу мүмкін болмады, өйткені иелері олардың саұталуы мен қайтарылуы үшін қорықты. Алайда, қазіргі уақытта проблемалар шешілді: транзакциялар үшінші елдердің банктері арқылы жүзеге асырылады, вагондарды жөнелту қалпына келтірілді. Қыркүйек пен қазан айының басында Қазақстаннан Ауғанстанға 60,2 мың тонна ұн мен 15,6 мың тонна астық жөнелтілді. Кейін жеткізу қарқыны артатын болады», - делінген министрлік хабарламасында.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
599 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить