Ұлағатты сөз: Болашақ туралы

3839

ФОТО: © RICCARDO SAVI

Болашақты болжау ықтималы өткенмен салыстырғанда азырақ дей алмаймын. Өткен шақ та өз уақытында – ол әлі болашақ болмай тұрған кезде – болжауға келмейтін.
Дональд Рамсфелд

Болашақ өз арманының сұлулығына сенгендердің қолында.
Элеонора Рузвельт

Болашақты болжаудың ең дұрыс жолы – оны өз қолыңмен жасау.
Авраам Линкольн

Өткен мен қазіргіміз – құралдарымыз ғана. Болашақ қана – мақсатымыз.
Блез Паскаль

ФОТО: © GETTY IMAGES

Өткен мен қазіргіні дауластырып қойып, болашақтан айырылғанымызды көреміз.
Уинстон Черчилль

Адамдар болашақты күйгелек ойлай береді де қазіргіні ұмытады. Нәтижесінде қазіргі шақта да, болашақ үшін де өмір сүрмейді. Олар ешқашан өлмейтіндей өмір сүреді, ал өлер алдында ешқашан өмір сүрмегеніне көздері жетеді.
Конфуций

Болашақ туралы ойланбасаңыз, сізде ол болмайды да.
Джон Голсуорси

Өзгерістер – бұл өмір заңдылығы. Тек өткенмен не қазіргімен өмір сүретіндер болашақтан қағылары сөзсіз.
Джон Кеннеди

ФОТО: © GETTY IMAGES

Қайғы не екенін білмей өмір сүргің келсе, болашақты өткен шақтай қабылда.
Эпиктет

Болашақ туралы ешқашан ойланбаппын. Әдетте ол тез келе қалады.
Альберт Эйнштейн

Өткен шақ та, осы шақ та, болашақ та жоқ. Осы шақтың өткені, осы шақтың қазіргісі және осы шақтың болашағы бар.
Аврелий Августин

Бізден өткенді тартып ала алмайсың, өйткені ол жоқ болып кетті. Болашақтан да айыра алмайсың, өйткені ол әлі қолымызда емес.
Марк Аврелий

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить