Астана халықаралық қаржы орталығындағы ағылшын құқының қағидаттары қандай

Сот төрағасы лорд Гарри Кэнэт Вульф және судьялар құрамы қалай жұмыс істейді

 Лорд Гарри Кэнэт Вульф
Лорд Гарри Кэнэт Вульф

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Астана» Халықаралық қаржы орталығында тәуелсіз сот жүйесі өз жұмысын бастағаны белгілі. Ағылшын құқық қағидаттары бойынша  жұмыс істейтін орган құрамы коммерциялық, азаматтық және жалпы құқық саласындағы тәжірибесі мол, жоғарғы дәрежелі судьялардан жасақталды. Forbes.kz cот төрағасы, Англия және Уэльс соттарының экс-басшысы Лорд Гарри Кэнэт Вульфтың эксклюзивті сұхбатын ұсынады.

- Қазақстан қарқынды даму жолына түскен  мемлекет қана емес, Еуразия құрлығындағы халықаралық қаржы орталығына ағылшын құқын енгізуді қолға алған алғашқы мемлекет. Батыл реформаларды жүзеге асыру  ағылшын құқы мен сот жүйесінің  және әлем қаржы орталықтарының негізін қалаған білікті мамандарды қатыстыруды талап етті. Мен өз тәжірибеме сай ең алдымен кеңесші  ретінде шақырылдым, кейін АХҚО сотының төрағасы қызметіне тағайындалдым. Мен бұл ұсынысты қуана қабылдадым, тәуелсіз сот жүйесі арқылы қоғамның әл-ауқатын жақсартуды және оны тиімді жүзеге асыруға өз үлесімді  қосамын деген сенім басым болды, - дейді сот төрағасы.

Лорд Гарри Кэнэт Вульф - ағылшын сот жүйесінде аты аңызға айналған тұлға,қатардағы қызметкерден бастап, жоғарғы дәрежелі қызметтерге дейін  көтерілген білікті заңгер. Ағылшын азаматтық сот жүйесіне  айтарықтай үлес қосты, тоқсаныншы жылдардағы сот әділдігі жөніндегі әйгілі есептің авторы. Ұлыбритания Лордтар Палатасының мүшесі, Лордтар Палатасының адам құқы және құқық үстемдегі туралы бүкіл партиялық парламенттік топ төрағасының орынбасары, Англия және Уэльс соттарының Жоғарғы судьясы, Гонконг апелляциялық инстанциясының тұрақты емес экс-судьясы, Катар халықаралық қаржы орталығы сотының бұрынғы соты, Ағылшын банкінің қаржы нарығы жөніндегі құқықтық комитетінің төрағасы, Британия сот мұрағаттарының басшысы, Конфессияаралық Вульф университетінің Президенті. Оның ойынша халықаралық сауда, инвестициялық климатты жақсартуда, АХҚО-на қаржы тартуда ағылшын құқының маңызы ерекше.   

 - Халықыралық сауда және инвестиция үшін тәуелсіз,тиімді және пәрменді сот жүйесінің қолдауы қажет және олардың шешімдері орындалуға міндетті. Бұл ретте жалпы құқық жүйесінің соттары әлдеқашан халықаралық бизнес қоғамдастықтың сенімін ақтап үлгерген.  Сондықтан Астана қаржы орталығының тәуелсіз және тиімді соты шет елдік инвестицияларды қорғауға кепіл бола алады, - дейді Вульф. 

Жалпы, қаржы орталығы сотының құрамы 9 судьядан тұрады, олардың ішінде Британияның экс-әділет министрі, Англия мен Уэльс соттары аппелляциялық инстанцияларының қазылары, Корольдік барристрлер, Британдық әйгілі жоғарғы оқу орындарының құрметті профессорлары, заңгерлер, интелектуалды, коммерциялық және азаматтық құқық саласының ғылымдары бар. Лорд Вульфтың айтуынша Қазақстан үшін бұл институттың берері мол және халықаралық аренада беделін арттырады.         

 

- АХҚО сотының құрамы менімен бірге 9 судья болады. Барлық қазылардың сот саласындағы тәжірибесі мол, беделдері жоғары және дәрежелері мінсіз. Судьялар саны   екі инстанциядағы істерді қарауға және  тиімді шешу үшін өте қолайлы болып табылады. Егер бастақы инстанцияда іс бір судьяның қатысуымен қаралса, ал апелляциялық сотта  олардың саны үшеуден кем болмайды. Ал егер судья істі алғашқы инстанцияда қараған болса екінші процеске қатыса алмайды.  Яғни,осылайша бір іске төрт судьядан қатысатын болады. Оның үстіне судьялардың барлығы азаматтық, коммерциялық құқық және экономиканың өзге салалары бойынша жоғарғы санаттағы мамандар, бәрі де білікті, - деп түсіндірді сот басшысы. 

AIFC және оның қызметі Конституциялық заңмен бектілгені белгілі. Астана халыларалық қаржы орталығының қызмет көрсететін ресми тілі-ағылшын тілі саналады.  Бұл әлемде кеңінен қолданылатын  тәжірибе, мәселен Нью-Йорк, Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубайдағы ең ірі қаржы оралықтары және т.б ағылшын құқық қағидаттарын енгізген.    

- Қаржы орталығының тағы бір артықшылығы,  сот өндрісінің ағылшын тілінде жұмыс істейтіндігінде. Себебі, бұл жалпы құқық бойынша жұмыс істейтін соттың және әлемдік бизнестің ортақ тіліне айналған. Оның үстіне қаржы орталығының соты жергілікті, яғни ұлттық сот жүйесінің құрамына кірмейді, бағынышты емес, апелляциялық соттың шешімдері қайта шағымдануға жатпайды, яғни екінші инстанциядағы шешім соңғы болып табылады. Ал оларды орындау мәселесі жергілікті соттардың талап тәртібі сияқты міндетті түрде бірдей орындалуға жатады, - дейді төраға. 

Лорд Вульфтың айтуынша сот қызметін тек орталық қатысушылары ғана емес, осы құқық негізін таңдаған өзге тұлғалар да пайдалана алады. Мәселен, тараптар келісім жасаған кезде арадағы даулы мәселелер Астана халықаралық қаржы орталығының сотында қаралатындығын атап көрсетуі керек. 

- Менің әрбір қараған істерімнің барлығы дерлік жадымда сақтаулы десем болады. Бұның бәрі ең алдымен менің тәжірибемді шыңдады және жалпы құқық саласының табиғатын терең түсінуге негіз болды. Әділдіктің жалпыға мәлім принциптері, объективтілік, дауларды таратар үшін тең таразылау сынды құндылықтар алдағы уақыта да Астана халықаралық қаржы орталығының сот жүйесіне қызмет ете береді деген сенімдемін, - дейді судья.

Сот төрағасының айтуынша 2018 жылы сот шешімдерін орындау мәселелерін дамытуға бағыталған бірлескен жұмыс жалғаса береді. 2017 жылдан бастап ҚР Әділет министрлігі, Республикалық жеке сот  орындаушылар палатасымен іскерлік ынтымақтастық туралы  меморандумдарға қол қойылды. Сонымен қатар, қазақстандық заң қауымдастығына, жоғарғы оқу орындарының студенттеріне ағылшын құқық негіздеріне қатысты лекциялар жоспарланған.

- Біз қазірдің өзінде  толыққанды әрі тиімді жұмысты бастауға әзірміз. 2018 жылы 4 шілдеде, яғни ресми ашылу рәсімінде  орталықтың құқықтық мәселелеріне қатысты конференция өтеді. Осы кезде қатысушылар сот және арбитражды орталықпен және жалпы орталық қызметі жайында толық білетін болады. Бұл кезде әлемге әйгілі заңгерлерді, халықаралық құқық саласының беделді өкілдерін шақырамыз деген ойдамыз.  Олар АҚШ, Ұлыбритания, Таяу Шығыс, Гонконг, Сингапур және т.б. елдерден келетін болады, - дейді халықаралық қазы.

Айта кетейік, «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылу рәсімі 2018 жылдың 4 шілдесіне жоспарланған. Онда капитал нарығын дамыту, активтерді басқару, исламдық қаржыландыру, қаржы технологиялары, жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару, жасыл қаржы сынды институттар,сонымен қатар  NASDAQ және Shanghai қор биржалары өз жұмысын бастауда. Ал компаниялар, қатысушылар арасындағы азаматтық, коммерциялық істерді ағылшын құқы негізінде жұмыс істейтін сот құрамы және медиация тәртібі бойынша халықаралық төрелік орталық қарайтын болады. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5879 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
21 марта родились
Именинников сегодня нет
Хроники бизнесменов. Владимир Ким

На чём зарабатывает своё состояние №1 списка 50 богатейших бизнесменов Казахстана по версии Forbes Kazakhstan

Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить