Қазақстан мен Канада арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және инвестицияларды тарту мақсатында Ванкувер қ. еліміздің Құрметті консулдығы ашылды.
ҚР Ванкувер қ. Құрметті косулы қызметіне канадалық «Arras Minerals» тау-кен компаниясының басшысы Даррен Клинк тағайындалды.
Ашылу рәсіміне Қазақстан Елшісі Даулетбек Құсайынов, Британдық Колумбия провинциясының Сауда министрі Джагруп Брар, Британдық Колумбияның дипломатиялық корпусы және іскерлік топтар өкілдері қатысты.
Елші Д. Құсайынов өз сөзінде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жүйелі реформалар аясында Құрметті консулдық қызметі Қазақстан-Канада ынтымақтастығының дамуы мен кеңеюіне одан әрі серпін беретінін жеткізді.
Министр Дж. Брар Қазақстанның жоғары экономикалық және инвестициялық әлеуетін, сондай-ақ еліміздің әсерлі даму қарқынын атап өтті.
Өз кезегінде жаңадан тағайындалған Құрметті консул Д. Клинк қазақстандық тарапқа көрсетілген жоғары сенім үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстанның Британдық Колумбиямен экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылын жандандыруға дайын екенін растады.
Вам может быть интересно: «Костенко шахтасының 9 лауазымды тұлғасы күдікті деп танылып отыр – Бас прокуратура»