Ғимараттар бүлінген жоқ — Министр Алматыдағы жер сілкінісі туралы
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысныда Алматыдағы түнгі жер сілкінісінің алдын ала мәліметтерін айтты.
«Сейсмологиялық бақылаулар мен зертетулер ұлттық орталығының дерегі бойынша, 23 қаңтар түнгі сағат 0.09-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасы мен Қырғыз Республикасы шекарасында жер сілкінісі тіркелді. Таңғы сағат 7.00-дегі жағдай бойынша 3 елеулі сейсмикалық жағдай тіркелген. Алматы қаласындағы максималды сезілуі — 5 балл, Шымкент қаласында, Жамбыл облысында 2-3 балл, Жетісу облысында болды. Алдын ала мәлімет бойынша бүлінген ғимараттар мен құрылыстар болған жоқ», — деді Сырым Шәріпханов.
Еске салайық, бүгін, қаңтардың 22-сінен 23-іне қараған түні Алматыда бірнеше толқынмен жер сілкінді.