Бүгін Қазақстан аумағында тұман түсіп, қатты жел тұрады, көктайғақ болуы мүмкін

Қазгидромет ел аумағында 9 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

"Жауын-шашын түседі, елдің солтүстік жартысында да жауын-шашын, көбінесе қар бұрқасынмен, оңтүстік жартысында көбінесе жаңбыр түрінде жауады. Тек еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысыныда ауа райы жауын-шашынсыз", - делінген хабарламада.

Еліміз бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте