Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер қандай қылмыстық құқық бұзушылықтар жасайды?

2023 жылдың қаңтар–қазанында Қазақстанда 842 мемлекеттік қызметкер қылмыстық құқық бұзушылық жасады, бұл былтырғыдан 5% аз.

Салыстыру үшін: былтыр сәйкес кезеңде осындай 886 мемлекеттік қызметкер болған — бір жыл бұрынғымен шамалас (2021 жылдың қаңтар–қазаны қорытындысы бойынша 887 адам). Жалпы, мұндай жағдайлар азайып келеді.

Өңірлер бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасаған мемлекеттік қызметкерлер Шымкентте ең көп: 102 адам — былтырғыдан 2,2 есе көп.

Одан кейін Алматы (82 адам, 1,2% көбейген) және Астана (55 адам, 61,8% көбейген) алды. Жетісу (47 адам) және Алматы (43 адам) облыстарында да көрсеткіш жоғары.

Ең жақсы жағдай Ұлытау облысында.

Мемлекеттік қызметкерлер жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең көп үлесін пара алу құрады: жалпы санның 22,6%-ы. Пара алған мемлекеттік қызметкерлердің саны бір жылда 4,4% өсіп, 190 адамға жеткен.

Мемлекеттік қызметкерлер алаяқтықпен де жиі ұсталды: 167 адам — былтырғыдан 20,1% көп. Мемлекеттік қызметкерлер жиі бұзған үш баптың қатарында сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу да болды, ол бойынша 107 адам ұсталды.

Жоғарыда аталған баптардан басқа, жиі жасалатын қылмыстар мыналар:

азаптау;

лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану;

әскери қызметкерлер арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде олардың өзара қарым-қатынасының жарғылық ережелерін бұзу;

көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы;

пара беру;

салғырттық;

жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте