ҚР ҰЭМ басшысы Марракеш қаласында Халықаралық рейтингтік агенттіктердің өкілдерімен кездесті

Мароккоға жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Standard&Poor's, Moody's және Fitch басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Министр елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен перспективалары, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған реформалар туралы айтып берді. Сондай-ақ жүргізіліп жатқан фискалдық саясат, оның ішінде жаңа Салық және Бюджет кодекстерінің негізгі тәсілдері туралы сөз қозғалды.

Бұдан басқа, инвестициялық ахуалды және бизнес-процестерді жақсарту жөніндегі шаралар қаралды. Кездесуге қатысушылар әлемдік экономикадағы ағымдағы ахуалды да талқылады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте