Қыркүйек айында үй жануарларын тегін зарарсыздандыру және піштіру бағдарламасы басталады

Биыл қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Алматыда үй жануарларын тегін зарарсыздандыру және піштіру бойынша мемлекеттік бағдарлама іске асырылады.

«Алматы қаласында қаңғыбас жануарлардың санын ізгілікті түрде реттеудің 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында биыл шамамен 9 000 ит пен мысықты қамту жоспарға енген.

Өтінім 1 қыркүйектен бастап қабылданады. Алматы қаласының мына ветеринариялық емханаларда қызмет тегін:

1)«Prima Vet Masters» ветеринариялық емханасы мекенжайы:

Есенберлин көшесі 217, тел: 8 (700) 327-44-89

2)«Allvet» ветеринариялық емханасы мекенжайы:

Төле би көшесі 279 Б, тел: 8 (747) 438-38-87

3)«Центр Ветеринарной Медицины» ветеринариялық емханасы мекенжайы: Жамақаев көшесі 32, Мамыр-4, 111 шағын ауданы тел: 8 (727) 313-13-21, 313-13-28.

Үй жануарларын зарарсыздандыру және піштіру мемлекеттік бағдарламасына қатысты өзге ветеринарлық емханалар туралы қосымша ақпарат келісімшарттың жасалғанына қарай хабарланады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте