Қазақстан жаңалықтар
20 августа 2023, 20:15
Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен келді, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысын Ханойдың «Ной Бай» әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.
Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes