Қазақстанда алдағы үш күнде ауа температурасы жоғарылайды

 16-18 тамызда Қазақстанның көп бөлігінде біртіндеп ауа температурасы жоғарылайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМҚ.

Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронталдық бөліктер өтетін кезде Қазақстанның көп бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады: күн күркіреп, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Елдің тек солтүстік, орталық және оңтүстігінде ғана жауын-шашын түспейді. Республиканың көп бөлігінде термометр бағаны біртіндеп көтеріле береді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте