Ақмола облысында 5 жасар бала абайсызда терезеден құлап кетті

 Ақмола облысында 5 жасар бала абайсызда екінші қабаттағы терезеден құлады, деп хабарлайды  облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жазатайым оқиға Аршалы ауданында болған. Бұл туралы Аршалы аудандық ПБ кезекшілік бөліміне ауылдық округ фельшері хабарласып, дәрігерлік амбулаторияға 2018 жылғы кәмелеттік жасқа толмаған баланың түрлі дене жарақатымен түскенін хабарлаған.

«Белгілі болғандай, бес жасар бала әкесімен үйінде болған. Екінші қабатқа киімін ауыстыру үшін көтерілген. Өз бөлмесінің терезесінен қарамақшы болып, абайсызда құлап кетті», - деді ведомстводан.

Тәртіп сақшылары баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізді.

Осы ретте, балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін ата-аналарға балаларды терезелері ашық бөлмеде қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте